Премьер-министр Қатарға барды – қандай келісімдерге қол жеткізілді

$17,6 млрд долларға ауқымды және стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қатар мемлекетіне барды. Келіссөздердің нәтижесінде стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Дохада Олжас Бектеновті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қабылдады. Одан кейін осы елдің премьер-минстрі - сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл Тәнимен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

"Қатар – Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды экономикалық серіктесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар біздің инвестициялық ынтымақтастығымызды сапалы жаңа кезеңге шығарады. Біз бұрын-соңды болмаған қомақты сома $17,6 млрд долларды құрайтын ауқымды және стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру алдында тұрмыз", — деді Бектенов.

Ал Әл Тәни екі ел басшыларының бұған дейін бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін еске салды. Соның негізінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Олжас Бектенов посетил с рабочим визитом Государство Катар
"Өз тарапымыздан біз екіжақты іс-қимылды кеңейтіп, тереңдету үшін жаңа бағыттарды зерттеуге дайынбыз", — деп атап көрсетті Қатардың премьер-министрі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасында негізгі салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды. Ірі инвестициялық жобалар:
жалпы сомасы шамамен $5,7 млрд болатын газ өңдеу зауыттарын салу жөніндегі жобалар;
Қазақстан өңірлерін газбен жабдықтауды дамытуға, ірі кәсіпорындар мен солтүстік облыстардың тұрғындарына табиғи газ жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жалпы сомасы шамамен $7,7 млрд болатын "Ақтөбе – Қостанай" магистральдық газ құбырының және "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісін салу;
Қазақстанның ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сомасы шамамен $2,7 млрд болатын қуаттылығы 1 100 МВт бу-газ қондырғысы негізінде электр стансасын және 350 МВт-тық су электр стансасын салу;
бидай, бұршақ және сүтті терең өңдеу зауыттарын салу.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның Қатар нарығына халал және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша серіктес болуға дайын екенін де мәлімдеді. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындар агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыру бойынша қатарлық компаниялармен ынтымақтастық орнатуда.
Олжас Бектенов посетил с рабочим визитом Государство Катар