Алаяқтар телефонмен жиі айтатын сөздер жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі телефон арқылы адам алдайтын алаяқтардың жиі айтатын сөздерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Алаяқтар көп жағдайда орыс тілінде сөйлейді және бірнеше сөзді жиі пайдаланады. Олар:
-Сіздің ақшаңызды біреу ұрлайын деп жатыр (Ваши деньги пытаются похитить);
Сіздің есепшотыңыз бойынша күдікті операция тіркелді (Зафиксирована подозрительная операция);
Шұғыл SMS-пен келген кодты айтып беріңіз (Продиктуйте код из SMS);
Тергеу жүріп жатыр, алаяқтарды ұстап беруге көмектесіңіз және ешкімге ештеңе айтпаңыз (Идут следственные действия, помогите задержать мошенников и не разглашать информацию);
Кредитке өтініш рәсімделді (Оформлена заявка на кредит);
Ақшаны арнайы және қауіпсіз есепшотқа аудару керек (Перевести деньги на специальный и безопасный счет);
Сіздің банк картаңыздың/SIM-картаңыздың мерзімі өтіп барады (Истекает срок действия вашей банковской карты / SIM-карты).
Осы орайда полиция алаяқтардың айласына түсіп қалмас үшін бірнеше кеңес берді.
күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз;
жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз;
күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
қосымшаларды орнату үшін тек ресми қолданбаларды пайдаланыңыз;
шотыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.