Фото

Ұлттық нақышта киінген мәжіліс депутаттары – фото

Бүгін, сәрсенбі күні Мәжілістің мереке алдындағы отырысы өтті. Халық қалаулылары киім үлгілерімен таңғалдырды. Парламент қабырғасында Наурыз иісі аңқып, ерекше атмосфера мен көңіл-күй сыйлады!
Sputnik
Наурыз мейрамы қарсаңында депутаттар жұмысқа қазақтың әсем ою-өрнектерімен кестеленген ұлттық киімдерін киіп келді. Мәжілістегі нәзік жандар бұл жолы ерекше киініп, күнделікті классикалық стильді ұлттық әшекейлермен толықтырды.
Мәжілісмендер Наурыз мейрамын тойлау алдында шапан киюден жарысқандай. Парламентте түсірілген суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
1 / 10

Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева әсем өрнекті шапан-көйлек киіп, оны ұлттық нақыштағы сырғалармен үйлестірді.

2 / 10

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов сәнді камзол киіп, өзіне жарасымды қою көк галстук тағып келді.

3 / 10

Тіпті мәжілістің вице-спикері Альберт Рау да мерекелік көңіл-күйге еріп, пленарлық отырысқа ұлттық ою-өрнекті камзолмен келді.

4 / 10

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров тура отырыс алдында шапан киіп көрді.

5 / 10

Депутат-профессор Таңсәуле Серіков ықшам ою-өрнекті шапанмен келді.

6 / 10

Мәжiлiс депутаты Қарақат Әбденнiң киімі де көктемдегі мерекені бейнелеп тұрды: ол өрнектелген сұр түстi камзол киіп, саусағына қазақы нақыштағы сақина тақты.

7 / 10

Паралимпиада спортшысы, депутат Кенжеғұл Сейітжан жұмысқа шапан мен тақия киіп келді.

8 / 10

Мәжіліс депутаты, журналист және ақын Жанарбек Әшімжанов қоңырқай сарғыш түсті қазақтың шапанын киді.

9 / 10

Депутат Арман Қалықов сәнді қара шапан киді.

10 / 10

Парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Құдайберген Бексұлтанов та шапанмен келді. Ол көк барқыттан тігілген оюлы шапан киіпті.