АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президент ертең Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.
Бұл президенттің жыл басынан бергі Алматыға екінші сапары. Ол бұған дейін 24-25 қаңтарда, жер сілкінісінен кейін бірден қалаға барды.
Ол кезде мемлекет басшысы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдіктің жоспарымен танысты. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жұмысы туралы баяндады.