Ұлыбритания фотографы Ян Форд "Жабайы табиғат" категориясы бойынша бірінші орынды иеленді. Ол Оңтүстік Африкадағы Сан-Лоуренсе өзенінің жағалауында қолтырауынды суретке түсіріп алған.
Автор суретін "Қытырлақ қолтырауын" деп атады.
Норвегия фотографы Сэмюэль Андерсен түсірген "Балшық пен жылдамдық" атты сурет.
Шабандоз Норвегияның ұлттық чемпионатында Хафьель велосипед паркінде жолдың балшығын басып өткен сәт.
"Айқай" атты сурет, авторы: Педро Харке Кребс, Перу.
Ян Ли түсірген "Тыныштық пен апат арасында" атты сурет.
Перу мен Боливия арасында Титикака көліндегі қалқымалы ауыл және жақындап келе жатқан орман өрті бейнеленген.
Тайвань фотографы Ченю Се түсірген "Қасиетті фестиваль энергиясы" атты сурет.
Сайдай-дзи Эйо фестивалі кезінде ер адамдар сумен тазару рәсімін орындап, бұл уақытты көңілді өткізіп жатыр.
Лиам Ман түсірген "Сторр үстіндегі ай сәулесі" атты сурет.
Ай көкжиектен көтерілгенде Шотландиядадағы Сторр айналасы жарықтана түседі. Бұл таңғажайып жартас түзілімі дрондарға бекітілген қуатты прожекторлармен жарықтандырылып тұр.
Екі піл бейнеленген суреттің авторы - Хесус Фриас.
Кадрда ана піл қызына мейірімін төгіп тұр.
Малайзия фотографы Калли Хей түсірген "Қол" атты сурет.
Суретте күйеу жігіт Непалдың Бхактапур қаласындағы үйлену тойының салтанатты шеруіне бара жатқанда қол бұлғап тұр.
"Ана махаббаты!". Авторы: Тьен Нгуен Нгок, Вьетнам.
Суретте: Үнді мұхитында киттің өз баласын тамақтандырып жатқан сәті.
Автор Мишель Санк түсірген "Зенанда, Синаве, Зинати және Буле Си-Пойнт павильонында" атты сурет, Кейптаун.
Нидерланды фотографы Роб Бланкеннің атауы жоқ суретте 5 есе үлкейтілген амин қышқылдарының кристалдары (В-аланин, L-глутамин және глицин) поляризациялық фильтрлердің көмегімен суретке түсірілген.
Фотограф Элвин Камау және оның "Көлге барайық" атты суреті.
Бұл редакциялық фотосессияны жасауға жоғары сән мәдениетінен шабыт берген. Сурет Кенияның Найроби қаласындағы студияда түсірілген.
Фотограф Ана Скобе және оның "Уақыттан тыс" атты суреті (Словения).
Суретте көгілдір аспанмен тұтасып тұрған маяк, түпсіз терең мұхит және ой үстіндегі ер адам бейнеленген.
Фотограф Сейед Али Хоссейни Фар түсірген "Зейнаб және оның кәрі төбеті" атты сурет.
"Зейнаб - Иранның Азад Манжир ауылында тұратын алты жастағы ақкөңіл қыз. Оның Пашмалу есімді кәрі әрі мейірімді төбеті бар. Ол бұл кәрі шопан итті қатты жақсы көреді және оған адамдармен қол алысуды үйретті", - дейді фотограф.
Ф.Дилек Юрдакул түсірген "Бұлттар арасындағы жүйріктер" атты сурет.
Шаңды аспанға көтеріп шауып бара жатқан жылқылар дронмен түсірілген.