Шымкентте мерекеге орай жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік көмек алады

Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Шымкентте Наурыз мерекесіне орай бірқатар санатқа жататын азаматтарға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
"18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі", - делінген хабарламада.
Бұл әлеуметтік қаржылай төлем Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бөлінді.
Қазақстанда жетім және кедей отбасылардың балалары мектепте тегін тамақтанады