Семейде әкімдік инвесторға 7 млрд теңгенің жобасын жүзеге асыруға кедергі келтірген

Инвестор 250-ден астам жұмыс орнын құрайтын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын жүзеге асырып жатқан
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі инвестордың жұмысына негізсіз кедергі келтірген, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.
Прокуратураның мәліметінше, әкімдік инвесторға рұқсат құжаттарын беруден негізсіз бас тартқан. Инвестор құны 7 млрд теңгеден асатын 250-ден астам жұмыс орнын құрайтын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын жүзеге асырып жатқан.

"Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқан. Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомстводағылар.

Өңірде инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Экономика
Премьер-министр инвесторлар тарапынан жиі көтерілген мәселенің шешілгені туралы айтты