АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Ресейде аты аңызға айналған "Алёша" танкісінің командирін граната жарылысынан аман алып қалған ерікті "Ерлігі үшін" орденімен марапатталды, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.
Сергей Соленов (шақыру белгісі "Колючий") взвод командирі лейтенант Леваковты украиналық дроннан тасталған гранатадан қорғау үшін оны денесімен жапқан.
Осыдан кейін "Алеша" Т-80БВМ экипажы қарсыластың сегіз броньды көлігін жойып, Украина Қарулы күштерінің Запорожье облысындағы шабуылын тоқтатқан.
"Ол маған өмір сыйлады! Бәрі соның арқасында", - деді құтқарылған экипаж командирі.