Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады: сот жұмыс берушіні кінәлі деп тапты

Тергеу нәтижесі бойынша жұмыс беруші 100% кінәлі екені анықталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Астанада биіктен құлаған 4 құрылысшыға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды қалалық сот.
Былтыр 12 қазанда Астанадағы тұрғын үй кешенін салып жатқан 4 жұмысшы биіктен құлап, біреуі қайтыс болды.
"Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Тергеу нәтижесі бойынша жұмыс беруші 100% кінәлі екені анықталды", - дейді ведомство.
Сот жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жасамағанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Астанада былтыр төрт жұмысшы 9-қабаттан құлап кеткен болатын.
Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады – қылмыстық іс қозғалды