Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су шайды - видео

Қазір жолдың су басқан бөлігіне ескерту белгілері қойылып, тәулік бойы бақылауға алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Ақтөбе облысында жолды су алып жатыр, деп хабарлайды Қазавтожол.
20 наурызда сағат 06:00 шамасында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тас жолының 288-ші шақырымын қызыл су басып жатыр.
"Күннің жылынып, қардың кенет еруіне байланысты жолды су алды. Жолды басқан судың ұзындығы 300 м және биіктігі 20-30 см. Қызыл суды бөгеу үшін диаметрі 1,5 метр құбыр орнатылды", - дейді жолшылар.
Қазір жолдың су басқан бөлігіне ескерту белгілері қойылып, тәулік бойы бақылауға алынды. Жұмысқа үш адам мен екі техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жолда көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ.
Ақтөбе облысында су басқан жолда тәулік бойы патрульдеу жүргізілді