Елордада LRT құрылысына байланысты бағдарлар уақытша өзгереді

Кейбір учаскелерде өзгерістер биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. 21 наурыздан бастап Астанадағы Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Сығанақ көшесіндегі қозғалысты ұйымдастыру магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT салу жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес уақытша өзгереді", - делінген хабарламада.
Мәселен, 21 наурыздан 6 сәуірге дейін Қазақ радиосы көшесінен Сауран көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс құрама темірбетон арқалықтарды монтаждау үшін өзгертіледі, шектеу Мәңгілік ел даңғылы бағыты бойынша оңтүстік жағында қолданылады.
Бұл ретте "Номад" ТК тұрғындары үшін жол Қазақ радиосы көшесі жағынан ашылады.
29 наурыздан 15 сәуірге дейін Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі учаскеде құрама арқалықтарды орнату үшін шектеу енгізіледі. Шектеу Мәңгілік ел даңғылының оң жақ бағыты бойынша болады.
21 наурыздан 25 мамырға дейін Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Әбу Даби Плаза ғимаратымен интеграцияланған 112 станция салу үшін Мәңгілік ел даңғылы бағыты бойынша оңтүстік жағына шектеу енгізіледі.
21 наурыздан 1 мамырға дейін Түркістан көшесінен "Пекин сарайы" қонақ үйіне дейінгі учаскеде монолитті арқалық құю жұмыстарын орындау үшін Мәңгілік ел даңғылының бағыты бойынша оңтүстік жағы бойынша шектеу енгізіледі, бұл ретте Түркістан көшесінен Сығанақ көшесіне айналым ашық күйінде қалады.
21 мамырдан 30 қыркүйекке дейін – "Пекин сарайы" қонақ үйінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскеде екі бағытта да жолақтарды қысқарту арқылы қадалар, грильдер мен тіректерді орнату бойынша жұмыстар жасалады.
21 наурыздан 31 желтоқсанға дейін Сығанақ / Мәңгілік ел көлік айрығында Мәңгілік ел даңғылы жағынан қозғалыс шектеледі, 113 станция салу үшін Сығанақ көшесіне көтеріліс шектеледі.
Бұл ретте Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерінде өтпелі қозғалыстар ашылды.