АСТАНА, 19 мар - Sputnik. Алматылық прокурорлар 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan" мен "AsiaCreditBank" таратылған банктердің жалғыз акционері борышкердің Ш. есімді жауап берушінің активтері шығарылғаны анықталды.
"Жауап берушінің қарызы 15 миллиардтан астам теңгені құрады. Прокуратура Ұлттық банктің мүддесіне, Ш. есімді жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді", - деп хабарлады прокуратура.
Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.