Ресей президентінің сайлауы - 2024

Тарихи рекорд: қазақстандық саясаттанушы РФ президентінің сайлауына қатысты пікір білдірді

Әшімбаевтың айтуынша, кешегі сайлаудың нәтижесі ресейлік қоғамның президент пен оның бағыт-бағдары айналасында шоғырлану деңгейінің айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Ресей президентінің сайлау нәтижесіне қатысты өз ойын айтты.
"Ресейді Владимир Путиннің президент сайлауындағы жеңісімен құттықтауға болады. Алдын ала мәліметтерге (87,3%) қарағанда, президентті қолдау көрсеткіші тарихи рекордқа жетті", - деп жазды Әшімбаев өзінің Telegram-арнасында.
Осы орайда саясаттанушы бұған дейінгі сайлаулардың нәтижесін де келтірді.
2000 жыл - 52,94%
2004 жыл - 71,31%
2012 жыл - 63,60%
2018 жыл - 76,69%.
Әшімбаевтың айтуынша, кешегі сайлаудың нәтижесі ресейлік қоғамның президент пен оның бағыт-бағдары айналасында шоғырлану деңгейінің айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр.
"Меніңше, бұл жағдай Қазақстан үшін оңтайлы болып отыр. Демек, біздің негізгі одақтасымыз мен көршімізбен тұрақты әрі мығым қарым-қатынасымыз жалғаса береді", - деп атап көрсетті саясаттанушы.
Осы орайда Әшімбаев екі ел үшін қандай қауіп-қатердің бар екенін де атап өтті. Оның ойынша, ұлттық және тілдік факторларды ескеру керек. Осы мәселелер екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың тұрақтылығына ғана емес, Қазақстанның ішкі тұрақтылығына да әсер етеді.

"Ал біздің елімізде шиеленіс аймағын жасығысы келетіндердің арғы жағында Ресейге қарсы күштер тұр. Мұны Астана мен Мәскеу жақсы түсінеді", - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының әлеуеті жоғары, оны ары қарай дамыта беру керек.
Айта кетері, кеше Ресей Федерациясында президенттік сайлаудың соңғы күні болды. Қазіргі кезде дауыстарды санау шаралары жалғасып жатыр.
Президенттік сайлауға төрт кандидат қатысып отыр.
Олар:
Владимир Путин
Николай Харитонов (КПРФ),
Леонид Слуцкий (ЛДПР)
Владислав Даванков ("Новые люди").
Ресей президентінің сайлауы - 2024
РФ президентінің сайлауына келушілер саны 2018 жылғы көрсеткіштен асты