Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ресейліктер өз президентінің айналасына топтасты – қазақстандық саясаттанушы

Батыс Ресей қоғамында наразылық бар екенін көрсеткісі келгенімен, шын мәнінде жағдай басқа, тіпті сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жағынан да мүлде басқаша жағдай, дейді қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Дауыс берудің алдын ала мәліметі Ресей халқының өз президентінің төңірегіне топтасқанын көрсетеді.
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында саясаттанушы Данияр Әшімбаев 17 наурызда өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысы туралы пікірін бөлісті.
Ресей азаматтарының көп бөлігі әртүрлі себептермен жақын және алыс шетелдерге кеткен, деп еске алды саясаттанушы. Соған қарамастан, Әшімбаевтың айтуынша, мұндай ынтымақ көрсету өте қызықты.
"Біріншіден, бұл "Отанмен байланысу" мүмкіндігі. Өз елінің тағдырына етене араласу айқын көрінді. Екіншіден, бұл бағытты қолдау. Батыс БАҚ-тары оппозицияның наразылық білдіргісі келетінін хабарлағанымен, цифрларға сәйкес, қарқыны айтарлықтай өзгерген жоқ", - деп есептейді саясаттанушы.
Дауыс берудің алдын ала мәліметі Ресей халқының өз президентінің айналасына топтасқанын көрсетеді, деп атап өтті Әшімбаев.
Батыс Ресей қоғамында наразылық бар екенін көрсеткісі келгенімен, шын мәнінде жағдай басқа, тіпті сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жағынан да мүлде басқаша жағдай.
Ресей Қазақстанның көпвекторлы саясатындағы басым бағыт болып саналады, дейді сарапшы.
"Сайлау науқаны кезінде Қазақстанның барлық дерлік жоғары саяси жетекшілері Ресейге сапар жасағанына назар аударайық. Қазақстан осылайша Ресей басшылығына барынша қолдау көрсетті деп ойлаймын", - деді Әшімбаев.
Біз Қазақстан мен Ресейдің Қазақстанға қоныс аударушылар санының көптігі факторларын қалай ұтымды пайдаланғанын көріп отырмыз, деп жалғастырды сарапшы.
"Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік бизнестің бір бөлігі жұмыс орындарын ашады және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға жұмыс істейді", - деп есептейді ол.
Елден кеткендердің арасында Қазақстанда тапшы мамандық иелері көп екенін еске салды.
"Бұл да артықшылық", - деді саясаттанушы.
Путиннің жеңісіне күмән келтіргендер жоқ десек те болады, дейді Әшімбаев.
"Соңғы жылдары кімнің екінші орын алатыны талқыланбады. Сондықтан қазіргі уақытта сайлауға байланысты тұрақсыздық қаупі жойылды", - деп түйіндеді сарапшы.

2024 жылдағы Ресей президентінің сайлауы

Ресейде президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтті. Президент сайлауына Владимир Путиннен басқа үш үміткер қатысты: Николай Харитонов (РФКП), Леонид Слуцкий (РЛДП) және Владислав Даванков (Жаңа адамдар).