АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. ҰҚШҰ парламенттік байқаушылары Ресей президентінің сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, науқанның еркін және әділ сипатта өткенін мәлімдеді.
Негізгі дауыс беру күні, 17 наурызда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің парламентшілері Ресейдегі президент сайлауын бақылауды жалғастырды, деп еске салды Ассамблея.
Сайлауды бақылау аясында қазақстандық депутат Снежанна Имашева бастаған топ мүшелері Мәскеу мен Мәскеу облысындағы 20-ға жуық сайлау учаскелерінде, сайлауды байқаудың қоғамдық штабында болып, дауыс берудің әртүрлі кезеңдеріне – сайлау учаскелерінің ашылуынан бастап қатысты.
"ҰҚШҰ ПА байқаушылары дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімдерін дайындау сапасына, бюллетеньдерді беру тәртібіне немесе дауыс беру тәртібіне қатысты шағымдарды анықтаған жоқ", - делінген Ассамблея хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары халықаралық байқаушылардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасады, деп қосты парламенттік байқаушылар.