Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. 21-23 наурыз аралығында Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Наурыз мейрамы мерекесіне байланысты пункттер жабылады, дейді ведомство.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдірушілердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері мерекелерге байланысты жылына бірнеше рет жабылады.
Еліміздің аумағында 3 мың бірлескен қазақ-қытай компаниясы жұмыс істеп жатыр – Бектенов