АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Астанада наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордамыздағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын "индикаторы" ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты.