Алты жүз мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жалған көмек сұраушыларға жолдаған

Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған.
Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
"Қаржы негізінен қайырымдылық мақсатта жиналған. Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, "жалған" мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Анықтама: краудфандинг – бұл жобаларды, бастамаларды және стартаптарды қаржыландыру үшін қолданылатын ақша жинаудың инновациялық тәсілі.
Ұлттық банктің атынан халықты алдайтын алаяқтар қайта шықты