Суданның 5 млн халқы алдағы айларда аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Тұрақсыз саяси жағдайға байланысты 8 миллионнан астам адам көрші мемлекеттерге қашуға мәжбүр болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputtnik. Біріккен ұлттар ұйымы Суданның 5 миллионға жуық халқы алдағы айларда аштыққа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады 24 kz.
БҰҰ елге гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат беруге шақырды. Бұл қауіпке елдегі құрғақшылық, егіннің азаюы, бағаның күрт өсуі және қарулы қақтығыстардың ушығуы себеп болған.
Тұрақсыз саяси жағдайға байланысты 8 миллионнан астам адам көрші мемлекеттерге қашуға мәжбүр болды.
Қоғам
"Миллиондаған адам қырылады": ғалымдар жаһандық апат пен аштықтың алдын алу жолын айтты