АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputnik. Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы президент дауыс беру уақыты ұзартылатынын хабарлады.
"Азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының № 8133 және 8134 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары Ресей Федерациясының Президентін сайлауда дауыс беру уақытын жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі керек еді. Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында сайлауға қатысуға ниет білдірген Ресей азаматтарының кезегі пайда болды. Астанада да үлкен кезек қалыптасты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдіктерінде Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де Ресей президенті сайлауына дауыс беру басталды.