Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ресей президентінің сайлауы: Астанадағы орыс үйінде әлі де ұзын-сонар кезек

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин дауыс беру тәртіп бұзушылықсыз өтіп жатқанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі Ресей Федерациясының президентін сайлауда дауыс беруге келген Ресей азаматтарының ұзақ кезегін видеоға түсірді.
Сайлаушылардың ағыны таңертеңнен басталды, сағат 10-нан бастап адамдар Алматы мен Астанада кезекке тұрды.
Осы сағатқа дейін сайлаушылар саны азайған жоқ - адамдар дипломатиялық өкілдікке келіп, Ресей президентінің сайлауында өз дауыстарын беру үшін ұзын-сонар кезекті күтіп тұр.
Астанада Ресей Ғылым және мәдениет орталығында Ресей президентін сайлауда дауыс беруге арналған екі учаске жұмыс істейді.
Бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-елшісі, Астанадағы №8726 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Мельник келушілер жақсы, ал адамдар оптимистік көзқараспен келетіндігін айтқан болатын.
Ал Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин дауыс беру тәртіп бұзушылықсыз өтіп жатқанын айтты.