Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ресей президенті сайлауы: Астанадағы екі сайлау учаскесінде ұзын-сонар кезек пайда болды

Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Астанада Ресей Федерациясының азаматтары белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Екі сайлау учаскесінде кезек пайда болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресей ғылым және мәдениет орталығында екі учаске ашылды. Бірінде Астанада тұратындар, екіншісінде өңірлер дауыс беріп жатыр.
Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр
Сайлаушылардың бірі Қарағандыдан келген.
"Біз таңғы төртте тұрып, пойызға міндік. Астанаға дейін үш сағаттай жол жүрдік. Содан таңғы сағат 9:00-де сайлау учаскесіне жеттік. Біз таңдауымызды жасадық. Сайлау учаскесінде бәрі жақсы ұйымдастырылған, кірдік, қарсы алды, барлық кеңесін берді, тез дауыс бердік. Біз өте қуаныштымыз, енді осында, Астанада серуендеп, көрікті жерлерді көріп, сауда орталықтарына барғымыз келеді. Содан кейін Қарағандыға қайтамыз", – дейді Нина Соколова.
Сайлаушылардың арасында ұлты қазақ Ресей азаматтары да бар. Біреу қонаққа келсе, енді бірі осында жұмыс істейді, бірақ өз таңдауын жасап, дауыс беруді ұмытпаған.
1 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

2 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

3 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

4 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

5 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

6 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

7 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

8 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

9 / 9

Ресейліктер Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр

Таңертеңгі сағат 9-дан бастап дауыс берген сайлаушылар дер кезінде келген, өйткені бір сағаттан соң сайлау учаскелерінің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.