Ресей президентінің сайлауы - 2024

Қазақстандағы ресейліктер президент сайлауында дауыс беруді бастады

Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдіктерінде Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де Ресей президенті сайлауына дауыс беру басталды.
Видеода Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы маңайында қауіпсіздік шараларының күшейтілгені көрсетілген.
Мұнда алғашқы сайлаушылар дауыс беру басталардан жарты сағат бұрын келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандағы ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:
1.
Астана
2.
Алматы
3.
Орал
4.
Өскемен.
Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге қатысу үшін консулдық тіркеуден өтудің қажеті жоқ, бірақ жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып баруы керек.

Қазақстан өңірлері бойынша сайлау учаскелерінің орналасуы

Астанада – Кенесары көшесі, 39 мекенжайында орналасқан Россотрудничество ғимаратында (Орыс үйі)
Алматыда – Жандосов көшесі, 4 ғимарат мекенжайында орналасқан Бас консулдықта
Оралда – Мұхит көшесі, 78 мекенжайында орналасқан Бас консулдықта
Өскеменде – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 2а ғимаратында орналасқан Бас консулдықта.
Учаскелер Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.