АЛМАТЫ, 17 ақпан - Sputnik. Қазақстанда жүз мыңдаған тоннадан астам пияз өтпей жатыр. Шаруалар кімге барып шағынарын білмей дал. Мәселеге қатысты ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында былтыр пияз әдеттегіден ондаған есе көп егілген. Бұған пияз бағасының қымбатқа сатылуы себеп болған. Ал министрліктің айтуынша, өндірілген пияздың көлемі қазіргі сұраныстан үш есе көп.
"Жылдық өнім - 1,1 млн тонна деңгейінде, ал тұтыну көлемі орташа есеппен 315 мың тонна ғана. Сонымен қатар алдыңғы жылдары пияздың жеткілікті өндірілуіне қарамастан, бағалар үнемі қымбаттап отырды, әсіресе маусымаралық кезеңде. Фермерлердің ірі көтерме сауда орындары мен базарлардағы делдалдарға пияз сатқаннан кейінгі кезеңде баға айтарлықтай өсті", - дейді ведомство.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, былтыр егін жинау кезінде пияздың килограмы 132-134 теңге болса, 2024 жылдың басында бағалар килограмына 107-114 теңгеге дейін төмендеді.
"2023 жылдың күзінің басынан бастап пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеп, шаруалар пиязды бір килограмын тіпті 40 теңгеге сата алмады. Осы уақытқа дейін көптеген шаруалар пиязды сатуға шешім қабылдап, ұсыныстарын арттырған кезде, бағалар килограмына 15-20 теңгеге дейін төмендеді", - дейді министрлік.
16 наурыздағы жағдай бойынша, қазақстандық шаруаларда 160 мың тоннаға жуық сатылмаған өнім бар. Оның 138 мың тоннасы Жамбыл облысында, 22 мың тоннасы Алматы облысында.
Қысқасы, Ресей аумағы арқылы Балтық жағалауы мен Грузияға жөнелтуді жоспарлау кезінде көлік логистикасы мәселесі пияз қорларының жиналуына және бағаның төмендеуіне әкеп соқты. Бұл аздай пиязды сақтайтын мамандандырылған қоймалар жоқ. Салдарынан жүздеген мың тоннадан астам пияз шіріп кеткелі тұр.
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жұмыстар жүргізіп жатыр:
1.
ЖАО-ға ӘКК-де сатып алуды ұйымдастыру үшін көлемдер мен бағалар ұсынылатын АШТӨ тізімдері, сауда объектілері және т. б. жіберілді.;2.
СИМ, Қазтрейд ішкі және сыртқы нарықтарда пиязды өткізуді ұйымдастыру туралы хаттар жолданды;3.
СІМ-мен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталуда, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіріп жатыр;4.
"ҚазАгроЖамбыл" Бірінші халықаралық көрме-форумы шеңберінде өңірлердің ӘКК-мен Жамбыл облысының пияз өндірушілерінің кездесулерін өткізу жоспарлануда.Осылайша, ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу және елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.