АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputtnik. Павлодар облысында жыл басынан бері 925 адам қызылшамен ауырған. Ал өткен жылдың күзінен бастап 14 жасқа дейінгі 41 бала көкжөтел болған, деп хабарлады Pavon.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың статистикасын жариялады.
"Павлодар облысында өткен жылдың наурыз айынан бері қызылшаның 1529 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2024 жылы - 925 жағдай. Науқастардың 69%-і 14 жасқа дейінгі балалар, 25,3%-і ересектер. Олардың 83,3%-і қызылшаға қарсы егілмеген, ал 45,4%-і вакцинациядан бас тартқандар", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар өткен жылдың қараша айынан бастап өңірде көкжөтел ауруы өскен.
"14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 41 жағдайы тіркелді. 27 жағдайда ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартты, тек үш науқас толық курстан өтті", - деп атап өтті департамент.
Санитарлық дәрігерлер қызылша мен көкжөтелдің таралуына жол бермеу үшін аймақ тұрғындарын вакцинациядан бас тартпауға шақырды. Дәрігерлер вакцинацияға қарсы болған 170-ке жуық ата-ананы райынан қайтарған.