АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ресейдің Алматыдағы бас консулы Дмитрий Тураев Алматыдағысайлау учаскелерінде Ресей президентін сайлауда дауыс беру процесі қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.
"Сайлау тыныш, тілектестік және сонымен бірге іскерлік жағдайда өтіп жатыр", - деді Дмитрий Тураев Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазақстандағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де ашылды.
Алматыдағы Ресей президентінің сайлауына арналған сайлау учаскесі
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Сайлаушылардың арасында жақында ғана 18-ге толып, алғаш рет дауыс беруге келген жас жігіт те болды.
Алматыдағы Ресей президентінің сайлауына арналған сайлау учаскесі
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ресейдің Алматыдағы бас консулы оған сыйлық ретінде орыс әдебиеті классиктерінің кітаптарын табыс етті.
"Барлық азаматымызды күтеміз, біз дайынбыз, жұмыс ұйымдастырылды. Көріп отырғаныңыздай, тәртіп толығымен сақталған", - деді Дмитрий Тураев.
Қазақстандағы ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:
1.
Астана2.
Алматы3.
Орал4.
Өскемен.