АЛМАТЫ, 17 наурыз - Sputnik. Қазақстан ІІМ интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел топ құрамымен алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған.
"Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды ведомство