Шығыс Қазақстанда балаларға қауіпті объектілердің онлайн картасы әзірленді

Кез келген азамат тізімді толтырып, қауіпті жер туралы хабарлай алады
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 наурыз - Sputnik. Шығыс Қазақстанда пилоттық режимде балаларға қауіпті объектілердің онлайн платформасы әзірленді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самар аудандық прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, IT құралдары арқылы балалар үшін қауіпті объектілердің паспорты жасалды.
"Қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде біріктіру арқылы балаларға арналған қауіпті объектілердің бірыңғай электронды онлайн картасы әзірленді, ол Instagram әлеуметтік желісіндегі: samar.balalar.kauipsizdigi сілтемесінде жарияланды. Картада қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері көрсетілген", - дейді ведомство.
Ыңғайлы болу үшін кез келген азамат тізімді толтырып, қауіпті жер туралы хабарлай алады. Мәселелерді анықтауға, өзіңіздің сипаттамаңызды, фотосуреттеріңізді, бейнелеріңізді қосуға болады, дейді прокуратура.