АЛМАТЫ, 16 наурыз - Sputtnik. Маңғыстау облысында заңсыз салынған бес құрылыс нысаны бұзылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Заңсыз құрылыстарды бұзу немесе заңдастыру фактісі бойынша сотқа 32 талап арыз берілген. 32 талап-арыздың 29-ы бойынша ғимараттарды бұзу туралы шешім қабылданған.
Қазіргі уақытта соттың шешімі бойынша бес нысан мәжбүрлі түрде бұзылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін облыстық прокуратура уәкілетті органдардан жер учаскелерін заңсыз беруді жою және болдырмау шеңберінде нақты шаралардың орындалуын қатаң бақылауды сұрайды.