Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ – ҰҚШҰ ПА байқаушылар тобының үйлестірушісі

Ол Ресейдегі дауыс беру ерекшеліктерінің ішінде офлайн және онлайн дауыс беру мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды
Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің өкілі, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының байқаушылар тобының үйлестірушісі Снежана Имашева Ресейдегі президент сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Имашеваның айтуынша, олардың байқаушылар тобы сайлауға түсіп жатқан кандидаттармен, олардың штабтарымен кездесіп, бірнеше сайлау учаскелерін аралаған.
"Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ, барлығы өте жақсы дайындалған", - деді ол.
Ресейдегі дауыс беру ерекшеліктерінің арасында Имашева офлайн және онлайн дауыс беру мүмкіндігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қашықтан дауыс беру цифрландыру дәуірінде өте маңызды.
Бейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де Камчаткадағы Чукоткада алғашқы сайлау учаскелері ашылды. Жұма күні сағат 9:00-де Ресейдің ең батыс аймағы – Калининград облысында дауыс беру пункттері ашылған болатын.
Сайлауда 2,6 миллионға жуық ресейлік мерзімінен бұрын дауыс берді.
Үш күн бойы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
17 наурыз, жексенбі негізгі дауыс беру күні болады.
Ресей президенті Ресей Федерациясының Конституциясына, 2002 жылғы 12 маусымдағы "Сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері және Ресей Федерациясы азаматтарының референдумға қатысу құқығы туралы" және 2003 жылғы 10 қаңтардағы Ресей Федерациясының президентін сайлау туралы" федералдық заңдарына сәйкес сайланады.
Ресей президентінің сайлауы - 2024
Ресейде қашықтан дауыс беру платформасына ұқсас 100-ден астам жалған ресурс бұғатталды