Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 246 техника және 445 адам жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Қарағанды облысында қардың жаууына, жолдың көрінбеуіне, көктайғаққа байланысты жалпы ұзындығы 165 шақырымды құрайтын 1 автожол жабылды.
1. "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.
Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол жабылды.
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 246 техника және 445 адам жұмыс істеп жатыр.