АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша құылмыстық іс қозғалды, сараптама белгіленді, деп хабарлайды полиция департаменті.
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим Bank RBK қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылдың ақпан айында Ибрагимнің тергеу изоляторында болған уақыты ескеріліп, жазасын толық өтеген соң түрмеден босатылғаны белгілі болды.