Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребе тарту рәсімі өтті

Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – англиялық "Манчестер Сити"
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Чемпиондар лигасының соңғы екі жеңімпазы – англиялық "Манчестер Сити" мен "Реал Мадрид" қазіргі басты Еуропа кубогының ширек финалында өзара кездеседі.
Турнирдің жеребе тарту рәсімі жұма күні Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Кезеңдік кездесулер 9-10 және 16-17 сәуірде өтеді.
Көк алаңда кездесетін басқа жұптар: "Арсенал" (Лондон) - "Бавария" (Мюнхен), "Атлетико" (Мадрид) - "Боруссия" (Дортмунд), "Пари Сен-Жермен" (Франция) - "Барселона" (Испания).
Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – англиялық "Манчестер Сити". Өткен жылғы финалда Хосеп Гвардиола шәкірттері испандық жартылай қорғаушы Родри голының арқасында италиялық "Интерді" ұтты.