Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Британдық лазерлік қарудың Украинаға жеткізілмейтіні белгілі болды

Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде DragonFire ұзақ қашықтықтағы лазерлік құпия қарудың қаңтардағы сынақтары түсірілген кадрларды жариялады
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз - Sputnik. Ұлыбритания әзірлеп жатқан DragonFire ұзақ қашықтыққа ұшатын лазерлік қаруы әлі қолданысқа енгізілген жоқ. Бұл туралы РИА Новости америкалық Newsweek басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде DragonFire ұзақ қашықтықтағы лазерлік құпия қарудың қаңтардағы сынақтары түсірілген кадрларды жариялады.
Видеода қару әрекетінің бейне графикасы көрсетілген: әскери кемеге орнатылғандай лазер қайықты істен шығарады, бір ұшқышсыз ұшақты залалсыздандырып, екіншісін атып түсіреді.
"DragonFire әлі пайдалануға берілген жоқ, қару-жарақ жүйесі әлі сынақ және әзірлеу сатысында тұр. Қазіргі уақытта жүйені Украинада орналастыру жоспары жоқ", - деп жазды басылым Ұлыбританияның қорғаныс министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
Бұған дейін Newsweek басылымына берген сұхбатында Рада депутаты Алексей Гончаренко Украинаның DragonFire-ды "сынауға дайын" екенін айтқан.