Алматыда бір күнде 15 см қар жауды

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Алматыда 14 наурыз күні сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ке дейін қалыңдығы 15 см қар жауды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
"Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты. 148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 1193 тонна қолданылады. Сағат 20:30-дан 06:00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 баған қар күреді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 520 м3, ал қыс бойы 367,8 мың м3 қар шығарылды", - делінген хабарламада.
Таңғы қарбалас уақыттан кейін қар шығару жұмыстары жалғасады. "Қазгидромет" РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында, жауын-шашын түспейді.