Алматы әуежайындағы рейстер ертең таңертең толық қалпына келтіріледі

14-15 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлығы 50-ден астам рейс кейінге қалдырылды, 7 рейс тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін ұшу кестесі толығымен қалпына келтіріледі, деп хабарлады Қазақстан Көлік министрлігі.
4-15 наурызда Алматы қаласының әуежайында ауа райының күрт нашарлауына (қардың қалың түсуіне) байланысты барлығы 50-ден астам рейс кейінге қалдырылды, 7 рейс тоқтатылды, 4 ұшақ қосалқы әуежайларға жіберілді.
"Әуе компаниялары мен Алматы әуежайы кешіктірілген және тоқтатылған рейстердің жолаушыларына қажетті қызмет көрсету үшін қажетті шараларды қабылдады. Жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ берілді", - деп жазылған хабарламада.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуе кемесінде жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес әуе билеттерін қайта брондау немесе ақшаны қайтару мүмкіндігі берілді.
Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық рейс тоқтатылды