Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады.
"Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" – деп жазды президент өзінің Х парақшасында.