АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Шымкент пен Түркістан облысында нөсер жаңбыр салдарынан көшелер мен үйлерді су басты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан аумақты су басып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Жетісайда сегіз аула аумағын су басқан.
Шымкентте де жауын-шашын салдарынан жолдарды, жеке аулалар мен көпқабатты үйлердің аумақтарын су басты. Тұрғындар көшелерде пайда болған өзендерді көлікпен кесіп өтіп, жаяу жүргінші айналып өтуге мәжбүр болды. Жергілікті төтенше жағдайлар органдарының мәліметінше, қаланың төрт ауданындағы бір үйді, 15 ауланы және 10 көшені су басқан.
"Шымкентте жауын-шашын көп жауды. 15 ауланы су басты. 3 467 текше метр су сорылды. Арықтар және арналар тазартылды, проблемалы аймақтар құм салынған қаптармен нығайтылды. Бүгінгі таңда қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Шымкент ТЖД өкілі Асқар Шәріп.
Бүгінде облыстағы жағдай жақсарды. Бірақ синоптиктер елдің оңтүстігінде күн ашық болады деген болжам жасамады.