АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы Еуразиялық экономикалық одақтағы жаңартылатын энергия саласындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың келешегі зор бағыттарын айқындады, деп хабарлады ЕЭК.
"Бұл гидроэнергетика, жел энергетикасы, күн энергетикасы, геотермалдық энергетика, толқынды электр станциялары және биоотын өндірісі туралы болып отыр", - делінген хабарламада.
Комиссия шешіміне сәйкес, ЕАЭО елдеріне одақтың ресми сайтында орналастырылған жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жүйелерге арналған құрамдас бөліктерді өндірушілердің жинақталған тізімін назарға алу ұсынылады.
Алқа отырысында ЕАЭО мемлекеттерінде жаңартылатын көздерді пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған жабдық өндірісін дамытуды ынталандыру ұсынылды, деп хабарлады комиссия.
Бұл ретте комиссия одақ елдерін осындай жабдықтар мен жүйелерді өндірушілерді кооперация жобаларына қосуға шақырды. Әсіресе, егер олар "өндірісті барынша ықтимал оқшауландырып, экономикалық бәсекеге қабілетті құрал-жабдықтарды, оның ішінде толықтай жаңа электр қондырғыларын" өндіруді ұйымдастыруға бағытталған болса.
Комиссияның ұсыныстары осы саладағы ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі шараларды жүйелеуге көмектеседі, деп хабарлады ЕЭК.