Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық рейс тоқтатылды

Алматыда қалың қар жауып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты мұз басуға қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін емес екенін хабарлады. Салдарынан әуежайдан барлық рейс тоқтатылды.
"Ауа райы жақсарғанша Алматыдан ұшатын әуе рейстері тоқтатылды. Сондай-ақ жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайына ұшып келуге тыйым салынғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Алматы халықаралық әуежайы ауа райы жақсара салысымен жұмысын жалғастырады.
Қазгидромет болжамына сәйкес, Алматыда қар 15 наурыз күні таңғы сағат 4-ке дейін жауады. Қардың қалыңдығы 8-10 см-ге жетеді деп болжанып отыр.