АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының уақыты белгіленді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді", - деп хабарлайды Ақорда.
Еске салсақ, Ұлттық құрылтай Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылғы маусым айында құрылды. Ол консультативтік-кеңесші орган. Қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу.
Оның міндеттеріне қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, жұртшылық, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету кіреді. Ұлттық құрылтай құрамы төрағадан, екі орынбасардан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.