Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Украинамен келіссөз жүргізуге қатысты ойын айтты

Путин кейбіреулер Ресейге қатысты стратегиясын өзгерту туралы ойлана бастағанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын, бірақ талқылаулар тек солардың қалауы бойынша емес, қалыптасқан шындықтар негізінде болуы керек, деді Ресей президенті Владимир Путин РИА Новости агенттігі үшін Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.
Бірақ бұл "қарсы тараптың қайта қарулану үшін үзіліс" емес, Ресей үшін "қауіпсіздік кепілдігі бар байыпты талқылау" болуы керек.
"Тағы қайталаймын, біз барлық дауды, осы қақтығысты да бейбіт жолмен шешкіміз келеді және біз бұған дайынбыз", - деді Путин.
Ресей басшысы кейбіреулер Ресейге қатысты стратегиясын өзгерту туралы ойлана бастағанын айтты. Дәл сол кезде келіссөз процесін қайта бастау туралы идеялар пайда болды. Дегенмен олар "тек өз қалауын айтатын қауіпті адамдар".
Батыспен "адал келісім" жасау мүмкіндігі туралы сұраққа Путин ешкімге сенбейтінін, бірақ Ресейге "барлығы анық көрсетіліп жазылған және сенуге тұрарлықтай" кепілдіктер қажет екенін айтты. Оның пікірінше, "бұл туралы көпшілік алдында айтуға әлі ерте секілді".
"Бірақ біз бос уәделерді қабылдамаймыз", - деді Ресей басшысы.
Ол Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен "келіссөз жүргізуге тыйым салатын жарлық шығарғанын" еске салды. Ресей президентінің айтуынша, Украина басшысы бұл жарлықтың күшін жоюы керек.