АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. Америкалық журналист Такер Карлсон АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары "ережеге негізделген әлемдік тәртіп" тұжырымдамасына қайшы келетінін айтты.
"Бұл ережеге негізделген тәртіп емес, бұл АҚШ үкіметінің доллар мен санкциялық режимдерді пайдаланып жүргізген ең қатаң саясаты", - деді Карлсон тележүргізуші Крис Куомоға берген сұхбатында.
Журналист Ресейдің Swift жүйесінен шығарылуы және ресейлік кәсіпкерлердің мүлкін тәркілеумен келіспеді. Карлсонның пікірінше, Вашингтонның Ресейге қарсы шаралары басқа елдерді АҚШ-та активтерді сақтау және долларды пайдалану туралы күмәндануға мәжбүр етеді.