АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Шымкентте 3 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қала әкімдігі растады.
Таңертең жауған жаңбырдан трансформатор жанып кетті, соның салдарынан 2700-ге жуық абонент жарықсыз қалды, деп хабарлады әкімдіктегілер.
"Төтенше жағдайға байланысты бүгін "Достық", "Нұршуақ", "Солтүстік-Батыс" және "Солтүстік Саяжай" шағын аудандарында 3 мыңнан астам абонент электр қуатынсыз қалды", - деп хабарлады әкімдік мамандары.
Олар кейінірек тұтынушылардың негізгі бөлігі жарық беру желісіне қайта қосылғанын, бірақ үш жүзге жуық абоненттің жарықсыз қалғанын атап өтті.
Қазір ақауларды біржола жою үшін арнайы топ тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Екі сағат ішінде барлық тұрғын үйлер электр жарығына қосылады, деп сендірді Шымкент әкімдігіндегілер.
Бұған дейін Екібастұзда ірі коммуналдық апат болып, техногендік төтенше жағдай жариялағаны хабарланған болатын. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі хабарлады.
10 күн ішінде мамандар құбырдың қатып қалу аумақтарын кезең-кезеңімен тексерді. Анықталған аумақтар бу генераторларымен жылытылды
Осы жұмыстар кезінде барлығы 13,4 шақырым құбыр жылытылды. 240-тан астам адам мен 70 техника жұмылдырылды.