Семейде еріген қар суы аулаларды басты

Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Семей қаласында аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар күштері тұрғын үйлердің аумақтарында, атап айтқанда Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде пайда болған судан тазартып жартыр.
Қазіргі уақытта аталған көшелерде еріген қар суын айдау жұмыстары аяқталды. Барлығы 1200 текше метр астам су сорылды. Жергілікті әкімдік мен ТЖД қызметкерлері жағдайға тұрақты мониторинг жүргізеді. Елді мекендерге қауіп жоқ.