АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Павлодар қаласының әкімдігі Наурыз мерекесінде Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнеріне 10 млн теңге төлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлады "Наша жизнь" ақпарат порталы.
Павлодарда Наурыз мерекесінде Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Мерекелік концерт 22 наурызда орталық алаңда өтеді. Жұлдыздарға гонорарға қала бюджетінен 10 млн теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мәлімдеді.
"Қомақты сома жұлдыздардың өнеріне жұмсалады. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнері өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы ақысы шамамен 10 млн теңге болады", — деді Светлана Гладышева мерекелік бағдарламаға қаланың жалпы шығындары туралы сұраққа жауап бере отырып.
Наурыз мейрамын павлодарлықтар екі күн атап өтеді.
Сондай-ақ мерекелік бағдарламалар Павлодардың барлық қала маңындағы ауылдарында өтеді.