ЕАЭО елдерінің статистикасы: Қазақстан қаңтарда етті аз өндірген

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдың басымен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтарында 0,5%-ға өсті
Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан қаңтарда ет пен құс етін өндіруді қысқартты, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Осы жылдың басындағы өндірілген 140 мың тонна 2023 жылғы қаңтардағы көрсеткіштің небәрі 98,9% құрайды және бұл көрсеткіш Еуразиялық одақ елдеріндегі ең төменгі көрсеткіш болып табылады, деп бөлісті ЕЭК статистика мамандары.
"2024 жылдың қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы өнімі 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,5%-ға өсті", - деп есептеді комиссиядағылар.
ЕЭК-тегілер Беларусьте, Қырғызстанда және Қазақстанда өсім бар екенін, ал Ресейде төмендеу байқалды деп хабарлады.
Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда союға арналған мал мен құс етін өндіру (тірі салмақта) 1%-ға, сүт 3,2%-ға, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға төмендеді. Бұл ретте союға арналған мал мен құс етін (тірі салмақта) өндіру Беларусьте (104%), Ресейде (100,9%) және Қырғызстанда (100,7%) өсті, Қазақстанда төмендеді, деп мәлімдеді ЕЭК-тегілер.
ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінде сүт өндірісі өсті (Армения деректерін қоспағанда). Жұмыртқа өндірісі Қырғызстан, Беларусь және Қазақстанда өсті, Ресейде төмендеді, деп жазылған комиссия статистикасының деректерінде.