АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Мәскеу, Пекин және Тегеран 12 наурызда бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын бастайды, жаттығуларға Әзірбайжан, Қазақстан, Оман, Пәкістан және Оңтүстік Африка Республикасының өкілдері қатысады, деп хабарлайды РИА Новости IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
"Ертең (сейсенбі, 12 наурыз) Иран, Қытай және Ресейдің "Морской пояс безопасности - 2024" бірлескен жаттығуларының негізгі кезеңі басталады... Бұл жаттығуларға Иран Ислам Республикасы әскери-теңіз күштерінің жер үсті және авиациялық бөлімдері және Қытай мен Ресейден теңіз бөлімшелері қатысады, сондай-ақ Оман, Әзірбайжан, Қазақстан, Пәкістан және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері қатысады", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Ал Tasnim Иран агенттігінің ақпараты бойынша, оқу-жаттығуларды өткізудің тағы бір мақсаты - өңірдегі қауіпсіздік негіздерін, оның ішінде халықаралық теңіз саудасы саласында нығайту, қатысушы елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, ортақ болашағы бар теңіз қоғамдастығын құру, теңіз операцияларын жүргізу саласында
қарақшылық пен теңіз терроризміне қарсы күрес, теңізде көмек көрсету саласында білім және тәжірибе алмасу.
Жаттығудың практикалық бөлігі Оман шығанағында өтуі керек.
Биыл қазақстандық қарулы күштерде 160-тан астам жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шаралары жоспарланғаны бұған дейін айтылған болатын. Олардың қатарында бес елдің – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен ауқымды армия жаттығулары болады.