АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келіссөзі нәтижесінде оннан астам құжатқа қол қойылды.
1.
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кенесінің бірінші отырысының шешімі;2.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипаж мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісім;3.
2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде докторантураға орын бөлу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;4.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;5.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;6.
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Әзербайжан инвестициялық холдингі (AIH) арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;7.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы қазақстандық мұнай транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім;8.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы қазақстандық мұнайды сатып алу-сату саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум;9.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Әзербайжан Республикасының медианы дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;10.
Қазақстан Республикасының "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Әзербайжан Республикасының "Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі" жария құқық заңды тұлғасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;11.
Атырау қаласының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Ширван қаласының атқарушы билігі (Әзербайжан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;12.
Ақтау қаласының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Сумгаит қаласының атқарушы билігі (Әзербайжан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;13.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (KOBIA) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын іске асыру жөніндегі жол картасы;14.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік техникалық қызметі" АҚ мен Әзербайжан Республикасының Арнаулы байланыс және ақпараттық қауіпсіздік қызметі арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.