АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Боксшы Айбек Оралбай Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
"Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 92 келіде Азия чемпионы Айбек Оралбай 1/4 финалда Жамар Таллейді (АҚШ) барлық раундта сенімді түрде ұтып, Олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасында бұл салмақта Василий Левит бақ сынаған еді.